locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алыс сапар: «Қайраттың» Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

«Қайрат» алғаш рет Болгария жерінде ойнайды
Алыс сапар: «Қайраттың» Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды
ФОТО: ФК Кайрат

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы болгариялық «Левски» болады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екі матчтан тұратын текетіресте Болгария чемпионы Румынияның Крайова қаласындағы «Университатядан» басым түсті. Алғашқы кездесуде «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жетсе, Румыниядағы қарымта матч 2:2 есебімен аяқталды.

Айта кетерлігі, болгариялық клуб 16-минутқа дейін-ақ екі гол соғып, есепте алға шықты. Алайда румыниялық команда 48-минутқа қарай таразы басын теңестіріп, ойынды қосымша уақытқа жеткізуге бір табан жақын болды.

Соған қарамастан «Левски» өзіне қолайлы есепті сақтап қалып, «Қайраттың» келесі қарсыласына айналды. Алғашқы матч 4 немесе 5 тамызда Болгария астанасы Софиядағы Георги Аспарухов атындағы стадионда өтеді.

«Қайратқа» келсек, ресми ақпарат бойынша 11 тамызға жоспарланған қарымта кездесу Түркістанда өтуі тиіс. Дегенмен бұл мәселеге қатысты алматылық клубтың нақты мәлімдемесін күткен жөн.

Еске салайық, «Қайрат» алдыңғы кезеңде кипрлік «Омонияны» пенальти сериясында жеңді. Бұған дейін алматылық клуб ешқашан Болгарияның ешбір командасымен кездеспеген.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie