ФОТО: «Қайраттың» голы «Омонияға» қарсы матчта есепке алынбады ма?
«Омонияға» қарсы қарымта матчтың 18-минутында-ақ «Қайрат» гол соғуға жақын болды, бірақ Ойва Юкколаның өткір соққысынан кейін таблодағы есеп өзгермеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фин вингері кипрліктердің айып алаңына екпіндеп кіріп, қақпаға соққы жасады. Алайда, оның соққысынан кейін доп маңдайшаға тиіп, қақпа сызығына соғылып, алаңға қайта оралды.
«Қайрат» ойыншылары бірден матчтың бас төрешісіне наразылық білдірді, алайда ол өз шешімінде бірбеткей болды. VAR төрешілері де бұл сәтті назарға алмады. Қайта көрсетілімдерден кейін де, доптың қақпа сызығын толық кесіп өткен-өтпегені үлкен сұрақ болып қалды.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Қайрат» – «Омония». Онлайн көру
Алғашқы кездесуден кейін 1:0 есебімен артықшылық «Омонияда» еді, бірақ кипрлік шабуылшы Андроникос Какулис алаңнан қуылғаннан кейін, кипрліктер тағы да азшылықта қалды.

