locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» - «Омония». Онлайн көру

«Қайрат» үшінші іріктеу кезеңіне жолдама үшін «Омониямен» кездеседі
«Қайрат» - «Омония». Онлайн көру
ФОТО: Қайрат ФК

«Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында кипрлік «Омониямен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы кездесуде кипрлік клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Матчтағы жалғыз гол бірінші таймда соғылды. Енді қазақстандық команда келесі кезеңге шығу үшін қарымта кездесуде есеп айырмасын қайтаруға тырысады.

  • Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді

Еске салайық, «Қайрат» Чемпиондар лигасының биылғы маусымын екінші іріктеу кезеңінен бастап, Черногорияның «Сутьеска» клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 4:1 жалпы есебімен жеңіп өткен еді.

Қарымта матч 29 шілде күні өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie