locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бес жартылай финал және өзбекке қарсы жеңіс: Қазақстан Әлем кубогының ширек финалында қалай өнер көрсетті

Қазақстан Кубогы әлем кубогының кезекті күнін бес медальмен аяқтады
Бес жартылай финал және өзбекке қарсы жеңіс: Қазақстан Әлем кубогының ширек финалында қалай өнер көрсетті
ФОТО: KBF

Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінде кезекті жарыс күнін өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ширек финалдық бағдарламаны әйелдер құрамасының өкілдері бастады. 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Оңтүстік Корея спортшысы О Ен Джимен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы кем дегенде қола медальға қол жеткізді.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта Лаура Есенгелді жарыс қожайыны Лю Яньға 0:5 есебімен есе жіберіп, турнирдегі жолын аяқтады.

Кешкі сессияда 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова Үндістанның әлем чемпионы Минакшиден 0:5 есебімен жеңіліп, жүлдеден тыс қалды. Есесіне Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды. 65 келіге дейінгі салмақта америкалық Мари Росендоны 4:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ерлер арасында алғашқы жеңісті Санжар Тәшкенбай сыйлады. 50 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық боксшы қырғызстандық Анваржан Ходжиевті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Абылайхан Жүсіпов те сәтті өнер көрсетті. 70 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Шавкатжон Болтаевты 5:0 есебімен айқын жеңіп, жүлдеге қол жеткізді.

Ал 75 келіге дейінгі салмақта Тимур Нұрсейітов болгариялық Рами Киванға жол беріп, жарысты аяқтады.

Күннің соңғы жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай британдық Мэттью Уильямсты 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға шықты.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарыстың жартылай финалына бес боксшысын шығарып, кем дегенде бес медальді өз қоржынына кепілдендірді. Жартылай финалға Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов және Айбек Оралбай жолдама алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie