locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сатпаевтың EA FC 27-дегі карточкасының ресми көрсеткіштері жарияланды

«Бернли» шабуылшысы ойында Қазақстанның жалғыз өкілі болады
Дастан Сатпаевтың EA FC 27-дегі карточкасының ресми көрсеткіштері жарияланды
ФОТО: Getty Images

EA Sports компаниясы «Бернли» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың EA FC 27 бейнеойынындағы алғашқы карточкасының ресми көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шабуылшы культтік бейнеойындар сериясына жалпы рейтингі 68 болатын күміс карточкамен қосылды. Әзірге оның карточкасында фотосуреті жоқ. Мұны оның «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысуы дерекқор қалыптастырылғаннан кейін жүзеге асқанымен түсіндіруге болады. Фотосы жақын арадағы жаңартулардың бірінде ойынға қосылады.

Карточканың негізгі көрсеткіштері мынадай:

  • Жылдамдық — 83
  • Соққылар — 67
  • Пастар — 60
  • Дриблинг — 69
  • Қорғаныс — 27
  • Физикалық дайындық — 64

Әзірлеушілер оның әлсіз аяғымен ойнау қабілетін бес жұлдыздың төртеуімен, ал арнайы қимылдарын, яғни түрлі финттерін, бес жұлдыздың үшеуімен бағалады.

Сатпаев ойында Қазақстанның жалғыз өкілі болады. Бұл — Қазақстан EA FC 25 нұсқасында бірден үш футболшымен ұсынылғаннан кейінгі жағдай. Ол кезде ел намысын Бахтиер Зайнутдинов, Георгий Жуков және Рамазан Оразов қорғаған.

Еске салайық, қазіргі ойын нұсқасындағы ең жоғары рейтингті карточкалар шабуылшылар Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандқа тиесілі. Олардың жалпы рейтингі — 91.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie