locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаевтың жарақаттан кейін қашан оралатыны белгілі болды

«Челси» мен «Бернли» қазақстандық шабуылшының қалпына келуін бірге бақылап отыр
Дастан Сәтпаевтың жарақаттан кейін қашан оралатыны белгілі болды
ФОТО: Getty images

«Бернлидің» бас бапкері Никки Хайен Дастан Сәтпаевтың санның артқы бөлігіне алған жарақатынан кейін алаңға қашан оралуы мүмкін екенін айтты. Қазақстандық шабуылшы қазір бірден екі клубтың - «Бернли» мен «Челсидің» медициналық штабының бақылауында қалпына келіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сәтпаев Чемпионшип аясындағы «Мидлсброға» қарсы матчта жарақат алды. 1:1 есебімен аяқталған кездесуде ол негізгі құрамда шығып, 80-минутта санның артқы бөлігіндегі жайсыздыққа байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Осыдан кейін 18 жастағы футболшы біраз уақыт толыққанды жаттығу процесінен тыс қалды. Қазақстандық ойыншының құқығы «Челсиге» тиесілі болғандықтан, лондондық клуб та оның қалпына келуіне тікелей араласып отыр.

Хайеннің сөзінше, оңалу процесі жоспарға сай жүріп жатыр. Шабуылшының алаңға оралуы халықаралық үзіліс кезеңіне жоспарланған.

«Дастан халықаралық үзіліс кезінде қайта оралады деп күтіп отырмыз. Ол қазір осында. «Челси» өкілдері де келіп, біздің медициналық штабпен сөйлесті. Екі тарап бірігіп, оның мүмкіндігінше тез әрі дұрыс қалпына келуі үшін арнайы бағдарлама дайындады», ф деді Хайен.

Сәтпаев осы маусымды «Бернлиде» жалға алып өткізіп жүргенімен, оның жағдайын «Челси» де мұқият бақылауда ұстап отыр.

Екі клубтың бірлескен жұмысы футболшының жүктемесін дұрыс бөлуге және алаңға оралуын асықтырмауға мүмкіндік береді.

Сәтпаевтың трансферлік құқығы «Челсиге» тиесілі, ал биылғы маусымда ол тәжірибе жинау үшін «Бернли» сапында жалға ойнап жүр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie