locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Брайтон» – «Арсенал»: онлайн көру

«Шағалалар» Премьер-лига көшбасшысынан ұпай тартып алуға тырысады
ФОТО: Getty Images
Англия Премьер-Лигасы
Live, 45' + 1
Брайтон
2
Арсенал
0

«Брайтон» Англия Премьер-лигасының бесінші турында лондондық «Арсеналды» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 19:00-де естіледі. Қазақстанда «Брайтон» — «Арсенал» матчының тікелей трансляциясын Setanta Sports 1 телеарнасынан және Setanta Sports платформасында онлайн көруге болады.

Айта кетейік, Микель Артетаның командасы жаңа маусым басталғалы әлі бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Премьер-лигадағы төрт турдан кейін турнир кестесінің көшінде қос билік орнады: «Арсенал» мен «Манчестер Сити» 12 ұпайдан жинап, бәсекелестерінен ұзап кетті.

Сонымен қатар «канонирлер» – Англияның қазіргі чемпионы. Артета жетекшілік ететін лондондық клуб чемпиондық атақты 2004 жылдан бері алғаш рет жеңіп алды.

Ал «Брайтонға» келсек, «шағалалар» алғашқы төрт турда жеті ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орынға жайғасты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie