Дастан Сәтпаев ойнауы мүмкін: «Челси» – «Милан» матчын қайдан көруге болады
8 тамыз күні Англияның «Челси» клубы маусым алдындағы дайындық аясындағы кезекті жолдастық кездесуін өткізеді. Энцо Мареска жаттықтыратын команда Италияның «Миланымен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық жанкүйерлердің басты назары Дастан Сәтпаевқа ауады. 17 жастағы шабуылшы лондондық клуб сапындағы алғашқы маусымына дайындықты жалғастырып жатыр және «Миланға» қарсы кездесуде алаңға шығуы мүмкін.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Осы маусым алдындағы дайындық барысында Сәтпаев «Челси» сапында үш матчқа қатысты. Қазақстандық шабуылшы «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы ойында (6:4) гол соғып көзге түсті. Кейін ол «Тоттенхэмге» (1:2) және «Ювентусқа» (0:1) қарсы кездесулерде де алаңға шықты.
Матч Индонезияның Джакарта қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде осы сілтеме арқылы көруге болады.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев қазір 17 жаста. Ол 12 тамыз күні, 18 жасқа толған күні, ресми түрде Лондонның «Челси» клубының ойыншысы атанады.