locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Игнасио Бусе әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жеңе алатынын айтты

ATP рейтингінің үздік 30 теннисшісінің қатарына кірген перулік Игнасио Бусенің әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина туралы сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
Игнасио Бусе әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жеңе алатынын айтты
ФОТО: Getty images

Перулік теннисші Игнасио Бусе әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жеңе алатынын мәлімдеп, әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды. Ол бұл пікірін перулік блогердің тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әңгіме барысында Буседен ATP рейтингінің үздік 30 ойыншысының бірі WTA көшбасшысын жеңе ала ма деп сұрады. Перулік теннисші бұған сенімді түрде жауап берген.

«Үздік 30-дағы теннисші болса, иә, жеңе алады деп ойлаймын. Ал үздік 100 немесе 200 туралы айтқанда абай болған жөн. Ерлер мен әйелдер теннисін тікелей салыстыру қиын, ойынның ерекшелігі бөлек», - деп Бусенің сөзін мағынасы сақталған түрде жеткізуге болады.

Оның бұл пікірі әлеуметтік желіде бірден талқыға түсіп, жанкүйерлер арасында ерлер мен әйелдер теннисін салыстыруға қатысты пікірталас тудырды. Бусенің өзі ATP рейтингінде 35-орында тұр, ал мансабындағы ең жоғары көрсеткіші - 30-саты.

Бұл мәлімдемеге ерекше назар аударылуының бір себебі - қазіргі таңда WTA рейтингінің көшін Қазақстан өкілі Елена Рыбакина бастап тұр. Ол 14 қыркүйекте ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанып, әйелдер теннисі тарихында рейтинг шыңына көтерілген 30-ойыншы болды. Сонымен қатар Рыбакина жекелей сында мұндай жетістікке жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Рыбакина бірінші орынды US Open-2026 турнирінің ширек финалында кепілдеді. Қазақстандық теннисші Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньді жеңіп, рейтингте Арина Соболенконы басып озуға қажетті нәтижеге қол жеткізді.

Елена Нью-Йорктегі жарысты мұнымен тоқтатпады. Ол финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина US Open-дегі алғашқы және мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie