Өзбекстан Азия ойындары-2026 додасына қатысатын боксшылар құрамын жариялады: қазақстандықтармен кімдер кездесуі мүмкін?
Өзбекстан бокс федерациясы Азия ойындары-2026 додасына қатысатын ұлттық құрама сапын жариялады. Көршілес ел жарысқа 11 боксшыны – алты ер және бес әйел спортшыны апарады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ерлер құрамасында Самандар Олимов (55 кг), Абдумалик Халоков (60 кг), Шавкатжон Болтаев (70 кг), Фазлиддин Эркинбоев (80 кг), Турабек Хабибуллаев (90 кг) және Жахонгир Зокиров (+90 кг) өнер көрсетеді.
Өзбекстан ерлер құрамасы:
55 кг – Самандар Олимов;
60 кг – Абдумалик Халоков;
70 кг – Шавкатжон Болтаев;
80 кг – Фазлиддин Эркинбоев;
90 кг – Турабек Хабибуллаев;
+90 кг – Жахонгир Зокиров.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Өзбекстан атынан Феруза Казакова (51 кг), Нигина Уктамова (54 кг), Ситора Турдибекова (60 кг), Навбахор Хамидова (65 кг) және Азиза Зокирова (75 кг) сынға түседі.
Өзбекстан әйелдер құрамасы:
51 кг – Феруза Казакова;
54 кг – Нигина Уктамова;
60 кг – Ситора Турдибекова;
65 кг – Навбахор Хамидова;
75 кг – Азиза Зокирова.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы да Азия ойындары-2026 додасына қатысатын боксшылар тізімін жариялады. Жапониядағы жарыста ел намысын 11 боксшы – алты ер және бес әйел спортшы қорғайды.
Азия ойындарындағы бокс бәсекесі Жапонияда 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.