«Барыс» ҚХЛ-дағы маңызды көрсеткіш бойынша үздік үштікке енді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы маңызды көрсеткіш бойынша үздік үштікке енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық клуб маусымды төрт матчта алты ұпай жинап бастады. Бұл — мүмкін болған ең жоғары ұпай санының 75,0 пайызы.
Осы көрсеткіш бойынша Михаил Кравецтің командасы ҚХЛ-дағы өз конференциясында үшінші орында тұр. Жинаған ұпайларының пайызы бойынша астаналықтар Шығыс конференциясында тек төменгікамалық «Нефтехимиктен» (90,0%, 5 ойында 9 ұпай) және қазандық «Ак Барстан» (75,0%, 6 ойында 9 ұпай) ғана қалып келеді.
Еске салайық, Астана командасы соңғы матчында сырт алаңда «Ладаны» 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Дәл соққыларын Масси, Бейли (дубль), Симонов, Маккошен және Томпсон өз есептеріне жазды.
Тольяттидегі ірі жеңістен кейін Кравецтің командасы алты ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты маусымындағы Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді.
