locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Ирандық суретші Дастан Сәтпаевқа арнап карикатура жасады

Хамид Сахари Дастан Сәтпаевқа ерекше карикатура арнады
Видео: Ирандық суретші Дастан Сәтпаевқа арнап карикатура жасады
ФОТО: Getty images

Дастан Сәтпаевқа арналған ерекше карикатура әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр. Танымал ирандық суретші Хамид Сахари өз туындысында қазақстандық шабуылшыны Хаби Алонсо баптайтын жаңа «Челсидің» басты қаруы ретінде бейнеледі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Карикатурада «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Арсенал» және «Тоттенхэмнің» бас бапкерлері әуелде Хаби Алонсоның жаңа маусымға дайындығын күлімсірей бақылап тұрады. Алайда көп ұзамай лондондық клубтың бапкері өзінің басты тосын сыйын - 17 жастағы Дастан Сәтпаевты ортаға шығарады.

Суретші қазақстандық футболшыны жас, шапшаң әрі физикалық тұрғыдан мығым шабуылшы ретінде көрсеткен. Бейнежазбада Сәтпаев алдымен жоғары жылдамдығын паш етеді, кейін Хаби Алонсомен бірге ауыр зілтемірді еш қиындықсыз көтереді. Осы сәттен кейін қарсылас бапкерлердің күлкісі сап тыйылып, олар жас ойыншының зор әлеуетін мойындайды. Автор карикатурасын:

«Хаби Алонсо мен «Челсидің» тосын сыйы - Қазақстаннан шыққан 17 жастағы шабуылшы», - деп атаған.

Бұл туындының жарық көруіне Сәтпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы маусымалды матчтағы әсерлі ойыны себеп болды. Қазақстандық шабуылшы «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуді негізгі құрамда бастап, ойынның жетінші минутында лондондық клубтағы алғашқы голын соқты. Матч «Челсидің» 6:4 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Қазіргі таңда Дастан Сәтпаев «Челси» сапында сынақ мерзімі аясында өнер көрсетіп жүр. Оның алматылық «Қайраттан» ауысуы 12 тамызда 18 жасқа толғаннан кейін ресми түрде күшіне енеді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie