«Брэдфорд Сити» — «Бернли»: Сатпаев алаңға шығуы мүмкін матчты қайдан көруге болады
26-нан 27 тамызға қараған түні Брэдфордтағы «Вэлли Пэрейд» стадионында Англия лигасының кубогы екінші айналымының матчы өтеді, онда «Брэдфорд Сити» өз алаңында «Бернлиді» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады.
Алдағы ойынға ерекше назар аударылуда, себебі Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың алаңға шығу мүмкіндігі бар. 17 жастағы форвард жақында ғана «Бернли» клубына қосылып, ағылшын командасының сапында ресми матчта тұсаукесер жасады.
Сатпаев алғаш рет «Бернли» жейдесінде 23 тамызда Чемпионшиптің екінші турында алаңға шықты. Қазақстандық футболшы 57-минутта ойынға қосылып, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады. Енді шабуылшыға өз мүмкіндігін тағы да дәлелдеп, команда құрамынан орын алуға талпынуға мүмкіндік бар.
«Брэдфорд Сити» Англия лигасының кубогындағы жолын «Рочдейлді» 2:0 есебімен сенімді жеңіспен бастады. «Бернли» бірінші раундта «Ноттс Каунтимен» кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында «Бернли» 4:3 есебімен басым түсті.
Айта кету керек, бұл командалар ағылшын футболының әртүрлі деңгейлерінде өнер көрсетеді. «Брэдфорд Сити» Англия чемпионатының үшінші маңызы бар дивизионы — Бірінші лиганың өкілі. Ал «Бернли» осы маусымда ағылшын футбол жүйесінің екінші деңгейі — Чемпионшипте ойнайды.
«Брэдфорд Сити» — «Бернли» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Қазақстанда Англия лигасының кубогы матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тегін көруге болады.