locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

“Бұл – бұрын болмаған, жаңа жағдай”. Симеоне пенальти сериясына VAR жүйесінің араласуына таң қалды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
“Бұл – бұрын болмаған, жаңа жағдай”. Симеоне пенальти сериясына VAR жүйесінің араласуына таң қалды
ФОТО: Getty images

“Атлетиконың” бас бапкері Диего Симеоне Хулиан Альварестің пенальти сериясындағы соққысының есепке алынбауына күмән келтірді. Аргентиналық маманның айтуынша, бұл сәт өте даулы, ал ВАР-дың араласуы үлкен сұрақтар тудырады.

Ойыннан кейін Симеоне “Реалға” қарсы матчтағы басты эпизод туралы өз пікірін білдірді:

“Мен видеоны қайта қарап шықтым. Төрешілер Хулианның тірек аяғы допқа тигенін айтады, бірақ доп мүлде қозғалмады! Бұл гол болды ма, жоқ па – өте даулы жағдай. Бірақ мен өз ойыншыларыммен мақтанамын, олар мінсіз ойнады. Шын айтсам, мен бақыттымын”, – деді Симеоне.

Сонымен қатар, Симеоне ВАР жүйесінің пенальти сериясындағы қолданылуына таңғалғанын жасырмады:

“Мен ешқашан ВАР-дың пенальти сериясындағы соққыларды қайта қарағанын көрген емеспін. Бұл – бұрын болмаған, жаңа жағдай”, – деп атап өтті аргентиналық бапкер.

Сондай-ақ, ол журналистерге сауал қойып, осы сәтте Альварестің екі рет тигенін анық көрсететін бейнеқайталауды көргендерден қол көтеруді сұрады.

Төреші шешімі төңірегіндегі дау-дамайға қарамастан, “Корольдік клуб” Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты. “Реал” турнир тарихындағы ең көп пенальти сериясын жеңген команда атанып, ЧЛ-дағы абсолютті көшбасшыға айналды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie