locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Дежавю? Альварестің пенальтіне ВАР араласты, бірақ Мессидің дәл осындай жағдайына араласпады?

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ВИДЕО. Дежавю? Альварестің пенальтіне ВАР араласты, бірақ Мессидің дәл осындай жағдайына араласпады?
ФОТО: Getty images

“Атлетико” шабуылшысы Хулиан Альварес “Реалға” қарсы матчта пенальти сериясындағы басты тұлғаға айналды, себебі оның пенальтиден соққан голы ВАР шешімімен есепке алынбады. Аргентиналық ойыншы соққы алдында тайып кетсе де, допты қақпаға бағыттай алды, есепті 2:2 қылды. Алайда бейнеқайталаудан кейін төрешілер оның екі рет допқа тигенін анықтап, голды жоққа шығарды.

Бұл шешім үлкен дау тудырды, себебі екінші жанасу көзге байқалмайтын деңгейде болды. Дегенмен бейнеқайталауда Альварестің допқа сол тірек аяғымен соққы жасардан бұрын тигені анық көрінді.

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесінің 14-бабы бойынша, пенальти орындау кезінде доп орнында қозғалмай тұруы тиіс, ал орындаушы ойыншы оған қайтадан тигізуге құқығы жоқ, егер тек доп басқа ойыншыға тимесе.

Альварес допты байқамай жылжытып алғандықтан, төрешілер оның соққысын заңсыз деп таныды, ал “Реалға” есепті өз пайдасына өзгерту мүмкіндігі берілді.

ВАР шешімі әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Көптеген жанкүйерлер бұл сәтті Лионель Мессидің 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында орындаған пенальтиімен салыстырды. Ол кезде қайта көрсетілімде Мессидің де допқа екі рет тигені байқалған, бірақ гол есепке алынған. Неліктен 2022 жылы ВАР араласпады, ал қазір Альварестің голы жоққа шығарылды? Әрине, Месси пенальтиді ойын уақытында тепті, ал Альварес – серия кезінде, бірақ футбол ережелері екі жағдайда да бірдей. Егер төрешілер әлем чемпионатының финалында осындай шешім қабылдаса, нәтиже мүлдем басқаша болуы мүмкін еді.

Альварестің есепке алынбаған голынан кейін “Реал” пенальти сериясында алға шықты, ал Маркос Льорентенің пенальтиден шатысып, орындай алмағаны “Атлетико” үшін шешуші сәтке айналды.

Жеңіс нүктесін Антонио Рюдигер қойды, ол соңғы пенальтиді сенімді орындап, “Реалды” ЧЛ-ның ширек финалына алып шықты.

Келесі кезеңде Карло Анчелоттидің командасы “Арсеналмен” кездеседі. Бірінші матч Лондонда, ал қарымта ойын “Сантьяго Бернабеуде” өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie