Мбаппе төрешілерге көмектесті: Альварестің голын VAR жүйесін қарап, есепке алмады
Килиан Мбаппе "Реал" мен "Атлетико" арасындағы Чемпиондар лигасы матчында Хулиан Альварестің допқа екі рет тигенін төрешілерге хабарлап, VAR қарауынан кейін голдың күшін жоюға себепкер болды, деп жазады Daily Mail.
Ерекше сәттердің бірінде аргентиналық ойыншы пенальтиден гол соқты, алайда бас төреші Шимон Марциняк эпизодты тексерген соң соққының есептелмейтінін мәлімдеді. Себебі Альварес допты тепкенге дейін оны тіреуіш аяғымен байқаусызда қозғалтқан. Бейнекадрлар француз шабуылшысының бұл жайтты төртінші төрешіге көрсеткенін дәлелдейді, сол кезде "Атлетико" жанкүйерлері голға қуанып жатқан болатын.

Форвард бұл эпизодта екі рет допқа тигенін бапкеріне мойындады, сондықтан "Атлетико" төрешінің шешіміне қарсылық білдірген жоқ. Егер ол мұны айтпағанда, клуб апелляция беруі мүмкін еді, өйткені бейнеқайталау ережебұзушылықты анық дәлелдей алмады. IFAB қағидалары бойынша пенальти орындаған ойыншы допқа екі рет тиісе алмайды.
Пенальти сериясында "Реал" жеңіске жетті, шешуші соққыларды Мбаппе, Беллингем, Вальверде және Рюдигер дәл орындады. Енді Анчелоттидің командасы Чемпиондар лигасының ширек финалында "Арсеналмен" кездеседі.