ВИДЕО. Симеоне журналистерден Альварестің допқа екі рет тигенін сұрады – қандай реакция білдірді?
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
"Атлетико" бас бапкері Диего Симеоне Чемпиондар лигасындағы "Реалға" қарсы ойында Хулиан Альварестің пенальтиі жойылғанына наразы болды.
Пенальти сериясында (2:4) жеңілгеннен кейін аргентиналық маман төрешілердің допқа екі рет тигенін дәлелдейтін айқын фактілерді көрсетпегенін айтты. "Төреші Хулиан тіреуіш аяғымен допты ұрды деді, бірақ доп қозғалған жоқ", – деп пікір білдірді Симеоне.
Сондай-ақ, ол журналистерге қайырылып, Альварестің допқа екі рет тигенін нақты көрсететін бейнеқайталауды көргендер болса, қол көтеруді сұрады.
"Кім Альварестің допқа екі рет тигенін көрді? Қол көтеріңіздер. Ешкім көтермеді", – деді Симеоне, VAR шешімінің күмәнді екенін меңзеп.