ФИФА Альвареске қатысты даулы эпизодтан кейін пенальти ережелерін қайта қарастыруы мүмкін
УЕФА ФИФА және Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесімен (IFAB) бірге пенальти орындау ережелеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігін талқылауды жоспарлап отыр. Бұған 1/8 финалда мадридтік "Атлетико" мен "Реал" арасындағы матчтағы даулы жағдай себеп болды.
Кездесу "Атлетико" пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, алайда алғашқы ойында "Реал" 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Нәтижесінде жеңімпазды пенальти сериясы анықтады, онда "Реал" 4:2 есебімен басым түсті.
Даулы эпизод аргентиналық Хулиан Альварес соққан пенальти кезінде орын алды: оның соққысы қақпаға дәл тиді, алайда бейнеқайталау арқылы төрешілер голды есепке алмады. Қайта қарау барысында ойыншы допты соқпас бұрын оны тіреуіш аяғымен байқамай тиіп кеткені анықталды.
"Атлетико" бұл жағдайға байланысты УЕФА-ға ресми шағым түсірді. Ұйымның баспасөз қызметі қазіргі ереже бойынша VAR араласуы тиіс болғанын, ал төреші голды есепке алмауы керек екенін растады. Осыған байланысты УЕФА ФИФА және IFAB-пен бірлесе отырып, ережені қайта қарау мәселесін көтермек. Бұл алдағы уақытта ойыншылардың байқаусызда жасаған қос жанасуларына қатысты шешімдерді өзгертуге ықпал етуі мүмкін.
Чемпиондар лигасының келесі кезеңінде мадридтік "Реал" лондондық "Арсеналмен" кездеседі.