locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Екі рет допқа тию туралы пенальти ережесі Альварестің голы саналмағаннан кейін өзгеруі мүмкін

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Екі рет допқа тию туралы пенальти ережесі Альварестің голы саналмағаннан кейін өзгеруі мүмкін
ФОТО: Getty Images

Кеше, 13 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалының "Атлетико" мен "Реал" арасындағы қарымта ойыны өтті.

Ойын пенальтилер сериясындағы нәтижесімен есте қалды. “Матрасшылар” үшін екінші соққыны аргентиналық ойыншы Хулиан Альварес орындады да, өрескел қателік жасады - ол соққы алдында тірек аяғымен допқа тиіп қалды. Матчтың бас төрешісі Шимон Марчиняк голды қабылдамады. Шешім ойынның нәтижесін шешті - “Атлетико” пенальтилер сериясында жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Матчтан кейін “Атлетико” оқиға туралы УЕФА-ға хабарласты, сондықтан УЕФА енді ФИФА және Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесімен (IFAB) екі рет жанасу әдейі болмаған жағдайда ережені қайта қарау керектігін анықтау үшін келіссөздер жүргізеді.

Еске салайық, “Атлетиконың” бас бапкері Диего Симеоне соққысының есепке алынбауына күмән келтірген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie