locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Двалишвили Нурмагомедовтермен болған төбелестен кейін Махачевке кездесуді ұсынды

UFC-дің аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабиде Умар және Усман Нурмагомедовтермен болған жанжалдан кейін Ислам Махачевке үн қатты.
ММА
Двалишвили Нурмагомедовтермен болған төбелестен кейін Махачевке кездесуді ұсынды
Фото: Getty Images

Грузиялық файтер Мераб Двалишвили UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы Ислам Махачевке Нурмагомедовтер командасының өкілдерімен болған жуырдағы төбелестің мән-жайын жеке талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналист Ариэль Хельванимен сұхбатында Двалишвили бұған дейін Усман Нурмагомедовты жақтап сөйлеген Махачевтің сынына жауап берді.

«Ислам, сөйлескің келсе, маған келе аласың, болмаса мен саған барамын. Ағайындылармен бірге кездесіп, бәрін талқылай аламыз. Бірақ сол жағдайда менікі дұрыс болды. Мені арандатты», - деді Двалишвили.

Грузиялық спортшы дағыстандық балуан Ахмед Ғажимагомедовпен бұрынғы жанжалының шешілгенін атап өтті. Мерабтың айтуынша, екі тарап қол алысып, қарсыластықты жалғастыруға еш себеп қалмаған.

Сонымен бірге Двалишвили Умар мен Усман Нурмагомедовтердің әрекетін сынап, болған оқиғадан кейін оларға деген құрметін жоғалтқанын айтты.

Еске салайық, 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде Двалишвили, Усман Нурмагомедов және олардың командаларының өкілдері қатысқан жаппай төбелес болды. Жанжал Усманның сұхбат кезінде грузиялық файтерді ұруынан басталған.

Бұған дейін Махачев жанжалға Двалишвилидің Грузияда өткен RAF турнирі кезіндегі мінез-құлқы себеп болғанын мәлімдеген еді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie