locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» жаттықтырушысы үш футболшымен қоштасуға дайын екенін мәлімдеді

Ники Хайеннің айтуынша, клуб құрамын қысқартуы қажет.
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
фото: ФК "Бернли"

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен Яльмар Экдаль, Лайл Фостер және Андреас Хунтонджи жазғы трансферлік терезе жабылғанға дейін клубтан кетуі мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Үшеуі де Чемпионшиптің «Вест Бромвичке» қарсы өткен матчына (1:3) қатысқан ойыншылар тізіміне енген жоқ. Хайеннің айтуынша, құрамға көптеген жаңа футболшы қосылғандықтан, клуб ойыншылар қатарын қысқартуы керек.

«Бұл – әбден мүмкін. Мен бұл туралы өткен аптада да айтқанмын: командаға жаңа ойыншылар келгенде, кімнің кетуі керек екенін анықтауымыз қажет. Бұл футболшыларға қатысты мәселені біз әлі талқылаймыз», – деді ол.

Сонымен қатар, Шурунди Самбо мен Майкл Обафеми де матчта алаңға шыққан жоқ — олардың да «Бернлидегі» болашағы белгісіз күйінде қалып отыр.

Айта кетейік, Дастан Сатпаев Чемпионшиптің екінші турындағы «Вест Бромвичке» қарсы ойында алаңға қосалқы құрамнан шығып, 30 минуттан сәл астам уақыт өткізді және нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.

Дастан алаңға шыққанда командасы 1:2 есебімен ұтылып жатқан болатын. Осыдан кейін «бордовые» тағы бір гол жіберіп алды да, нәтижесінде 1:3 есебімен жеңілді.

«Бернлидің» еншісінде чемпионаттың екі турында бір ғана ұпай бар. Сатпаевтың командасы келесі кездесуін 26 тамызда Англия лига кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізеді. Ал 29 тамызда «бордовые» чемпионат аясында «Норвичпен» кездеседі.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie