locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» Фабио Челестинидің басшылығымен алғашқы матчын өткізді

Сатпаевсыз «бургундиялықтар» «Портсмутпен» тең ойнады
Футбол
ФОТО: «Бернли»
Чемпионшип Англия
31.10.2026, Аяқт.
Бернли
0
Пoртсмут
0

Англиялық «Бернли» жаңа бас жаттықтырушысы Фабио Челестинидің басшылығымен алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Өтінімге енбеген Дастан Сатпаевсыз «бургундиялықтар» өз алаңында «Портсмутпен» голсыз тең түсті. «Терф Мур» стадионына жиналған көрермендер гол көре алмады.

Осы матчтан кейін «бургундиялықтар» тоғыз ұпай жинап, Чемпионшип турнирлік кестесінде 22-орында тұр.

Фабио Челестини командасы бұл кездесуге алдыңғы турда «Линкольннен» 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін келді. Осы сәтсіздіктен соң бас жаттықтырушы қызметінен Ники Хайен босатылды.

Айта кетейік, қазіргі маусымда Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Бернли» сапында жеті матч өткізіп, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie