locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтпаев жаттықтырушысыз қалды: Ники Хейен «Бернлиден» қуылды

Басшылық «Линкольн Ситиден» жеңілгеннен кейін шара қабылдады
Футбол
ФОТО: Getty Images

Ники Хейен маусымды сәтсіз бастаған «Бернли» клубының бас бапкері қызметінен ресми түрде қуылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл шешім бүгін «Линкольн Ситиге» қарсы 4:1 есебімен жігерсіз жеңілгеннен кейін қабылданды. Осы жеңіліс «бордолыларды» Чемпионшиптегі ең нашар үш команданың қатарына түсірді.

Өз қызметіне тағайындалғанына небәрі 106 күн болған бельгиялық маман команданы басқарған 12 матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Нәтижесінде «Бернли» Чемпионшип турнирлік кестесінде 22-орынға түсіп қалды. Осы маусымдағы алғашқы 12 турда Премьер-лигадан енді ғана төмендеген команда бар болғаны 8 ұпай жинап, қазіргі таңда Англияның күші жөнінен екінші дивизионындағы ең нашар ұжымдардың біріне айналды.

«Бордолылардың» бас бапкері міндетін кім атқаратыны кейінірек жарияланады.

Ұлттық чемпионаттың келесі турында «Бернли» 31 қазанда «Портсмутты» қабылдайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie