ВИДЕО: Канело жекпе-жегінің андеркардындағы қазақстандық боксшының айқасы әсерлі нокаутпен аяқталды
Бек Нұрмағанбет Эр-Риядтағы бокс кешінде сенімді жеңіске жетті
Бокс
ФОТО: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жеңілмеген қазақстандықтың қарсыласы Мексика өкілі Маркос Васкес болды. Жекпе-жек басты оқиғасы Сауль «Канело» Альварес пен француз Кристиан Мбилли арасындағы айқас болатын бокс кеші аясында өтті.
- Сондай-ақ оқыңыз: ВИДЕО: Ақтөбедегі бокс кешінде Қазақстан - Өзбекстан жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Бірінші раундтың соңында Нұрмағанбет қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Осыдан кейін мексикалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі 17-жеңісіне қол жеткізді (оның 15-і нокаутпен), ал Васкес төртінші жеңілісіне ұшырады.