locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бельгиялық журналист: «Қайрат» енді бұрынғы команда емес, ол Чемпиондар лигасында ойнаған кездегідей емес»

Юрген Герил Қазақстан чемпионының Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуға ешқандай мүмкіндігі қалмағанына сенімді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Бельгиялық журналист: «Қайрат» енді бұрынғы команда емес, ол Чемпиондар лигасында ойнаған кездегідей емес»
ФОТО: Қайрат ФК

Nieuwsblad журналисі Юрген Герил Еуропа лигасы іріктеу плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы алғашқы матчқа қорытынды жасады. Ойын Алматыда өтіп, бельгиялық команда 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Андерлехт» келесі аптада Еуропа лигасының топтық кезеңінің жеребесіне қатысады. Бұл туралы қазірдің өзінде айтуға болады, себебі Қазақстандағы 3:0 есебіндегі жеңістен кейін барлығы түсінікті. Еуропалық турнирде бізді алда тағы сегіз кездесу күтіп тұр, қарсыластардың арасында «Ювентус» сынды ұжымдар да болуы мүмкін, әрі көрермендер саны Конференциялар лигасына қарағанда әлдеқайда көп болады. Бұл «Қайрат» бұрын Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен команда емес екені анық. Қазақстандағы жұмыс «Андерлехт» үшін үзіліске дейін-ақ аяқталды», – деп жазды Герил өз материалында.

Айта кетейік, қарымта матч «Андерлехт» пен «Қайрат» арасында 27 тамызда өтеді және Астана уақытымен 23:30-да басталады. Қос кездесудің жеңімпазы Еуропа лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді, ал жеңілген ұжым Конференциялар лигасының сол кезеңінде бақ сынайды.

Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie