locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Моуринью «Реалда» ойыншылар жетіспейтінін мәлімдеді

Португалиялық маман жарақаттарға байланысты мадридтік клубтың ойыншы таңдауы айтарлықтай шектелгенін мойындады
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Моуринью «Реалда» ойыншылар жетіспейтінін мәлімдеді
ФОТО: Getty images

«Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью «Ференцварошты» жеңгеннен кейін Бернарду Силваның команда үшін неліктен маңызды екенін айтты. Португалиялық маманның сөзінше, жаңа ойыншының бірнеше позицияда өнер көрсете алуы маусым басында мадридтіктерге үлкен көмек болуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Реал» ресми матчтарға кадрлық қиындықтармен жақындап келеді. Бірқатар футболшы жарақат алғандықтан, қазір бапкерлер штабының қарамағында шамамен 20 ойыншы бар. Осындай жағдайда алаңның бірнеше бөлігінде бірдей ойнай алатын футболшылардың маңызы арта түседі.

«Бернарду үш позицияда еркін ойнай алады, қажет болса төртінші позицияны да жабуға қауқарлы. Мұндай әмбебап футболшы кез келген бапкер үшін өте маңызды. Қазір жарақаттарға байланысты таңдауымыз шектеулі, сондықтан бізге Бернарду секілді бірнеше міндетті атқара алатын ойыншылар қажет», - деді Моуринью.

Португалиялық маман команданың кезекті бақылау кездесуіндегі ойынына да көңілі толғанын аңғартты. «Реал» «Ференцварошты» 2:1 есебімен жеңіп, жаңа маусым алдындағы дайындығын жалғастырды.

Моуринью Винисиус Жуниордың болашағына да тоқталды. Бразилиялық шабуылшы Мадридте қалуды шешіп, клубпен келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты. Бұған дейін шетелдік БАҚ футболшыны «Арсеналмен» байланыстырып, лондондық клуб ол үшін шамамен 150 миллион еуро төлеуге дайын екенін жазған еді.

«Ең бастысы - Винисиус бізбен бірге қалады. Келісімшарттың ұзартылуы оның өзі үшін де, бүкіл команда үшін де жақсы жаңалық. Оның «Реалда» қалғанына қуаныштымыз», - деді Моуринью.

ФОТО: Getty images

Маусым алдындағы дайындық барысында мадридтік клуб үш жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. «Реал» «Леганесті» 4:1, «Ференцварошты» 2:1 есебімен жеңсе, «Фиорентинамен» болған матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Моуринью шәкірттері келесі бақылау кездесуін 12 тамызда «Депортивоға» қарсы өткізеді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie