locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ферран Торрестің ПСЖ-ға ауысатыны белгілі болды

Енді бәрі екі клубтың келіссөзіне байланысты
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Ферран Торрестің ПСЖ-ға ауысатыны белгілі болды
ФОТО: Getty Images

«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуға шешуші қадам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Белгілі инсайдер Маттео Мореттоның айтуынша, испаниялық шабуылшы мансабын ПСЖ-да жалғастыруға шешім қабылдады. Ферран жеке келісімшарттың барлық шарттарын француз алпауытымен толық келіскен. Келісім төрт маусымға есептеледі.

Енді бәрі клубтарға байланысты. «Барселона» мен ПСЖ қазірдің өзінде 26 жастағы шабуылшының трансферлік құнын келісу бойынша тікелей келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұл дегеніміз, ойыншы тарапынан басты кедергі жойылды: Торрес Парижге ауысуды қалайды және болашақ клубымен келісімге келді.

Айта кетейік, өткен маусымда Ферран Торрес «Барселона» сапында барлық турнирлерде 45 матч өткізіп, 20 гол соқты. Transfermarkt футболшыны 55 миллион еуроға бағалап отыр.

Жуырда Ферран Испания құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионаты финалындағы басты қаһарманға айналды. Дәл осы шабуылшы Аргентинаға қарсы ойында 106-минутта жеңіс голын соғып, «Ла Рохеге» 1:0 есебімен жеңіс пен тарихтағы екінші әлем чемпионы атағын алып берді.

Бұған дейін біз «Барселонаның» тағы бір маңызды ойыншысы клубтан кететінін хабарлаған едік.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie