Қазақстан Азия хоккей чемпионатында жеңіспен бастады
Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында өтіп жатқан 2027 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді. Турнирдің ашылу кездесуінде қазақстандық команда Жапония құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасы матчқа мына құраммен шықты:
Нурек (Осокин);
Михайлов - Тусупбеков, Рымарев - Борисевич - Юлбарисов;
Александров - Хорошев, Мухаметов - Гренц - Гросс;
Никитин - Бутенко, Гусейнов - Данияр - Гатиятов;
Королев - Макаров, Мигунов - Мангисбаев - Мерзликин.
Жапония құрамасы Юто Танэичидің голымен матчтың төртінші минутында-ақ есеп ашты. Алайда араға бір минут салып, Максим Мухаметов таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде командалар бір-бір шайбадан соқты: Александр Мигуновтың 28-минуттағы голына жапондар Сюнта Кимураның 34-минуттағы дәл соққысымен жауап берді.
Кездесудің шешуші сәті 51-минутта орын алды. Осы кезде Кирилл Никитин Қазақстан құрамасының үшінші шайбасын соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Матч Қазақстан құрамасының 3:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Қазақстандықтар келесі матчын 7 қарашада Қытай құрамасына қарсы өткізеді. Ал келесі күні турнир қожайыны — Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.