locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Маған америкалық боксшылар ыңғайлы»: Торехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы чемпиондармен ықтимал жекпе-жектер туралы пікір білдірді

Сабырханнан Джарон Эннис пен Себастьян Фундора секілді танымал америкалық боксшылармен ықтимал кездесулері туралы сұрады
Эксклюзивтер
«Маған америкалық боксшылар ыңғайлы»: Торехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы чемпиондармен ықтимал жекпе-жектер туралы пікір білдірді
ФОТО: КФБ

2025 жылғы әлем чемпионы әрі 2026 жылғы Азия ойындарының бокс бойынша жеңімпазы Торехан Сабырхан АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарында да жетекші америкалық боксшылармен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы АҚШ бокс федерациясының кәсіпқой спортшыларға ұлттық іріктеуге қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне түсініктеме берді.

«Мен америкалық боксшылардың стилін түсінемін»

Торехан АҚШ-тағы бокс деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, жақында өткен оқу-жаттығу жиындары кезінде америкалық спортшылармен спарринг өткізуге мүмкіндік алғанын айтты.

Қазақстандық боксшының сөзінше, АҚШ өкілдерінің мәнері оған жақсы таныс әрі ыңғайлы. Себебі ол қарсыластарының әрекетін оқып, соққыға дайындалу барысын алдын ала болжай алады.

«Иә, Америкада бокс өте жоғары деңгейде дамыған. Жақында АҚШ-та оқу-жаттығу жиынында болдық, америкалықтармен спарринг өткіздік. Менің кумирім америкалық Флойд Мейвезер-кіші екенін білесіздер.

Маған америкалық боксшылар өте ыңғайлы. Мен олардың бокс мәнерін түсінемін, қалай соққы жасайтынын, соққыға қашан дайындалатынын және не істегелі тұрғанын көріп тұрамын. Америкалықтардың қайсысы маған қарсы шықса да, әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да қызықты жекпе-жек өтетініне сенімдімін», - деді Сабырхан.

Осылайша, қазақстандық боксшы америкалық бокс мектебінің өкілдеріне қарсы мүмкіндігіне сенімді екенін білдіріп, олармен әуесқой және кәсіпқой рингте кездесуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie