locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина WTA қорытынды турнирінде Серена Уильямстың жетістігін қайталауы мүмкін

Қазақстандық теннисші көп жылдар бойы ешбір спортшы бағындыра алмаған тарихи жетістікке үміткер
Теннис
Рыбакина WTA қорытынды турнирінде Серена Уильямстың жетістігін қайталауы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакина Серена Уильямстан бері WTA қорытынды турнирін қатарынан екі рет жеңген алғашқы теннисші атануы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мұндай нәтижеге соңғы рет америкалық Серена Уильямс қол жеткізген. Ол жарыс чемпионы атанып, бұл жетістігін қатарынан үш жыл — 2012 жылдан 2014 жылға дейін қайталаған. Ал Елена былтыр финалда Арина Соболенконы жеңген еді.

Рыбакина биылғы турнирге тамаша бабында келіп отыр. Осы маусымда Қазақстан өкілі «Үлкен дулығаның» екі турнирінде — Australian Open және US Open жарыстарында жеңіске жетті. Бұл екі бәсеке де WTA қорытынды турнирі секілді хард төсенішінде өтеді.

Сонымен қатар Елена маусымның қорытынды турнирі қарсаңында керемет қарқын жинады. Оның қатарынан бес жеңісі бар, ал соңғы 13 кездесуінде 12 рет жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші бірінші топқа түсті. Топтық кезеңде оның қарсыластары америкалықтар Коко Гауфф пен Джессика Пегула, сондай-ақ чехиялық Линда Носкова болады.

Рыбакина алғашқы матчын 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Носковаға қарсы өткізеді. Сонымен қатар қорытынды турнирдегі нәтижесіне қарамастан, қазақстандық теннисші 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шығатынын әлдеқашан қамтамасыз етті.

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында мәлімдеме жасады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie