Байсуфинов Қазақстан құрамасынан кетеді: не болды?
Тараптар арасындағы ынтымақтастық тоқтатылады
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: КФФ
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Ұлттық құраманың бас бапкерінің орнын босататыны туралы инсайдерлік ақпаратты журналист Ельдар Аманбаев бөлісті. Бұл шешімнің себептері әзірге жария етілмеді.
«Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кетеді», – деп жазды журналист әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасын үшінші рет тізгіндеді. Қазіргі қызметіне ол қаңтар айынан бастап кіріскен. Бұған дейін ол құраманы 2016–2017 және 2020–2022 жылдары басқарған.
Еске салсақ, маусым айында ұлттық құрама Армениямен (1:1) тең ойнап, Венгрияға (1:3) жол берді.