locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның Лихтенштейнді жеңгеннен кейінгі ӘЧ-2026 іріктеу тобындағы жағдайы

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Қазақстанның Лихтенштейнді жеңгеннен кейінгі ӘЧ-2026 іріктеу тобындағы жағдайы
ФОТО: ҚФФ

Наурыздың 25-інен 26-сына қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің J тобында екі ойын өтті.

Қазақстан құрамасы Лихтенштейн құрамасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Солтүстік Македония мен Уэльс 90-минуттан соң бір-бір гол соғып, тең нәтиже тіркеді.

Іріктеу кезеңінің екінші турының нәтижесінде алғашқы екі орын өзгеріссіз қалды. Бір ұпайды бөліскен македониялықтар мен валлиялықтар 4 ұпаймен көш бастап тұрды. Қазақстан құрамасы алғашқы үш ұпайын жинап, үшінші орынға көтерілді. Бельгия Ұлттар лигасының ойындарына байланысты іріктеу кезеңін әлі бастаған жоқ және ұпайсыз 4-ші орында. Лихтенштейн бірде-бір гол соқпай, бес гол жіберіп алып, топтың соңғы орнында қалды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 9 маусым күні Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді. Матч қазақстандықтардың өз алаңында өтеді.

ФОТО: УЕФА
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie