locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Лихтенштейннен басым түсті: Әлиев шәкірттерінің жеңісіне ФИФА реакциясы

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Қазақстан Лихтенштейннен басым түсті: Әлиев шәкірттерінің жеңісіне ФИФА реакциясы
ФОТО: ФФК

ФИФА (Халықаралық футбол федерациясы) өз ресми сайтында Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы өткен әлем чемпионаты–2026 іріктеу матчындағы сырт алаңдағы жеңісіне (0:2) пікір білдірді.

«Қазақстан іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, Вадуцта Лихтенштейнді екі голмен тізе бүктірді.

Қазақстан үш ұпай еншілесе, ал Лихтенштейн алғашқы ұпайына қол жеткізу үшін күресті жалғастыруда.

Максим Самородов бірінші тайм аяқталуға аз уақыт қалғанда Марат Быстровтың пасынан кейін баспен дәл соққы жасап, Қазақстанды алға шығарды. Ал үзіліске санаулы секундтар қалғанда, Александр Марочкин Самородовтың айып добынан асырған пасынан кейін гол соғып, есепті еселеді.

Қазақстан есепті ұлғайта алмаса да, жеңісті нәтиже сақтап қалды»,– деп жазады ФИФА сайты.

Лихтенштейнмен өткен матчтан кейін Александр Марочкин Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie