locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Алмат Бекбаев: Сейсеннің өзін күшті командалармен матчтарда көрсетуі маңызды

Футбол 27 нау 2025 03:15
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
ФОТО: KFF

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен ұлттық команда сапындағы алғашқы ресми ойынын өткізді.

Оның дебюті Лихтенштейнге қарсы өткен кездесуде (2:0) орын алды. Бұған дейін ол тек бір рет қана құрама жейдесін киіп, 2021 жылы Солтүстік Македонияға қарсы жолдастық матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, үш гол жіберген еді.

Ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Sports24.kz сайтына берген сұхбатында бұл дебютті сәтті деп бағалады:

"Қақпашы үшін дебютті «құрғақ» есеппен бастау – үлкен жетістік. Иә, қарсылас аса мықты емес, бірақ мұндай ойын сенімділік қосады."

Сонымен қатар, Бекбаев Сейсеннің шынайы деңгейі мықтырақ қарсыластарға қарсы кездесулерде белгілі болатынын атап өтті:

"Алда Сейсеннің өзін күшті командалармен матчтарда көрсетуі маңызды. Қалай болатынын уақыт көрсетеді."

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді. Топтағы басқа қарсыластары – Уэльс, Бельгия және Лихтенштейн.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie