Қазақстанның қарсыластары Скопьеде нағыз драма сыйлады: қос команда қосымша минуттарда голмен алмасты


ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің екінші турында «J» тобындағы басты қарсыластарымыз — Солтүстік Македония мен Уэльс құрамалары Скопьеде өткен кездесуде тартысты тең есепке қол жеткізді.
Кездесу барысында гол соғылмай, ойын 0:0 есебімен аяқталады деген ой қалыптасқан еді. Алайда нағыз драма матчтың соңында орын алды. 90+1 минутта Боян Миовски Солтүстік Македонияны алға шығарды — 1:0. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады: 90+6 минутта Дэвид Брукс Уэльсті құтқарып, матчты тең нәтижемен аяқтады — 1:1.
Осы нәтижеден кейін қос команда 4 ұпайдан жинап, турнирлік кестенің жоғарғы бөлігін бөлісіп тұр. Ал Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен үшінші орында. Команда алғашқы турда Уэльске 1:3 есебімен жол бергенімен, кейін Лихтенштейнді сенімді түрде 2:0 есебімен ұтты.
Бельгия әлі бірде-бір ойын өткізбесе, Лихтенштейн екі матчта да жеңіліп, 0 ұпаймен соңғы орында келеді.
ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі, 1-раунд, J тобы, 2-тур
Солтүстік Македония – Уэльс – 1:1
Голдар: Миовски, 90+1 - Брукс 90+6

Футбол
Бүгін 06:03
