Алмат Бекбаев Заруцкийдің Уэльске қарсы ойыны туралы пікір білдірді
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін сәтсіз бастады – бірінші турда Уэльске жол берді.
Бұл ойында ең көп талқыланған ойыншылардың бірі – Александр Заруцкий. Қақпашы бірнеше қателікке бой алдырып, жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады.
«Уэльспен өткен кездесуде бүкіл команда өз ойынын көрсете алмады. Заруцкий де кейбір сәттерде қателік жасады, бірақ бұл – футбол. Сондықтан ол қорытынды шығарып, алға ұмтылуы керек», – деді Бекбаев Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.
Заруцкий кәсіби мансабын «Караганда U19» командасында бастап, кейін «Шахтёр-Булат» пен «Шахтёр» (Қарағанды) сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ «Кайсар», «Иртыш», «Атырау» және «Кызыл-Жар» клубтарында ойнап, 2025 жылдың қаңтарында «Астанадан» «Кайратқа» ауысты.