Қазақстанның Астанадағы матч алдындағы қарсыласы шұғыл ауыстыру жасады
Молдова құрамасы Вигилиу Постолакенің орнына жастар құрамасының шабуылшысы Николае Ротаруды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Молдова федерациясының мәлімдеуінше, ұлттық құраманың бас бапкері жарақатына байланысты австралиялық «Брисбен Роар» клубының шабуылшысына сенім арта алмайды. Сондықтан бастапқыда алдағы халықаралық терезені 21 жасқа дейінгі команда сапында өткізуі тиіс болған венгриялық «Дьёр» ойыншысы құрамға шақырылды.
- Сондай-ақ оқыңыз: Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы матчтар алдында жарақатына байланысты екі көшбасшысынан айырылды
Ротару ұлттық құрама сапындағы дебютін жақында ғана жасады: 2026 жылғы 26 наурызда Литваға қарсы жолдастық кездесуде (0:2) 28 минут алаңда болды. Кипрге қарсы келесі матчта (2:3) 20 жастағы форвард қосалқы құрамда қалды, ал маусым айында 21 жасқа дейінгі құраманың матчтарына шақырылды.
Еске сала кетейік, Молдова — 2026/2027 жылғы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Қазақстанның қарсыластарының бірі. Алдағы халықаралық терезеде командалар 2 қазанда сағат 19:00-де Астанадағы «Астана-Аренада» кездеседі.
Ал 26 жастағы Постолаки — ұлттық құрама сапында 2021 жылғы наурыздан бері өнер көрсетіп келе жатқан тәжірибелі ойыншы. Алайда ұлттық құрама сапындағы 37 матчта ол небәрі бір гол соқты.
