Суперкомпьютер жаңа ережелерден кейін Қазақстанның Еуро-2028 іріктеуіндегі қарсыластарын атады
6 желтоқсанда 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тартылады. Жеребеге арналған себеттер тек Ұлттар лигасының топтық кезеңі қорытындысы бойынша анықталады. Бұл турнирде лигалар арасындағы ауысу ережелері өзгерді. Оның Қазақстанға көмектесе ме, жоқ па екені белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
FMD суперкомпьютерінің болжамынша, айтарлықтай көмектеспейді. Джон ван’т Схип шәкірттері үшінші себетке көтерілуі үшін өз тобында міндетті түрде жеңіске жетуі керек. Алайда мұның ықтималдығы небәрі 13% деп бағаланып отыр.
Кез келген басқа нәтиже Қазақстанды төртінші себетке түсіреді. Бұл жағдайда Ұлттар лигасының топтық кезеңі басталғанға дейін Еуро-2028 іріктеуіндегі ықтимал қарсыластар мынадай болады:
- 1-себет: Испания, Франция, Нидерланд, Португалия, Англия, Норвегия, Германия, Бельгия, Дания, Хорватия, Италия, Грекия
- 2-себет: Сербия, Түркия, Уэльс, Чехия, Швейцария, Аустрия, Украина, Швеция, Польша, Венгрия, Шотландия, Косово
- 3-себет: Ирландия, Румыния, Грузия, Словения, Босния және Герцеговина, Израиль, Солтүстік Македония, Словакия, Албания, Исландия, Черногория
- 5-себет: Әзербайжан, Мальта, Литва, Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн
Еске салайық, Еуро-2028 іріктеу матчтары 2027 жылғы наурыз-қараша айларында өтеді, ал плей-офф ойындары 2028 жылғы наурызда ұйымдастырылады.