locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаев UFC титулының бұрынғы претендентімен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық спортшының Кёдзи Хоригучиге қарсы жекпе-жегі 21 қарашаға жоспарланған
Асу Алмабаев UFC титулының бұрынғы претендентімен жекпе-жек өткізеді
ФОТО: instagram.com/asu_zulfikar57

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев UFC Fight Night турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригучиге қарсы чемпиондық титулға үміткерді анықтайтын жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бразилиялық журналист Лео Гимараештің хабарлауынша, жеңіл салмақ (56,7 келіге дейін) санатындағы жекпе-жек 21 қарашада Катардағы ABHA аренасында өтеді. Дивизион рейтингінде Асу Алмабаев жетінші, ал Хоригучи бесінші орында тұр.

Бастапқыда қазақстандық спортшының қарсыласы ретінде Брэндон Ройвал қарастырылған еді. Алайда америкалық жекпе-жектен бас тартты.

Алмабаев UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде америкалық Чарльз Джонсонға қарсы өткізді. Қазақстандық спортшы кездесуді үшінші раундта аяққа жасалған ауырту әдісімен мерзімінен бұрын аяқтап, кәсіби рекордын 24 жеңіс пен үш жеңіліске жеткізді.

Хоригучиге келсек, ол соңғы жекпе-жегін 20 маусымда АҚШ-та өткізіп, португалиялық Манэл Капэге үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Айта кетейік, оның UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізген тәжірибесі бар. 2015 жылы UFC 186 турнирінде ол америкалық Деметриус Джонсоннан жеңілді. Жапониялық спортшының кәсіби рекорды – 36 жеңіс және алты жеңіліс.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie