«Астананың» культтік легионері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
«Астананың» және Исландия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рунар Мар Сигурьонссон футбол мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Исландиялық жартылай қорғаушы елордалық команда сапында 2019–2021 жылдары өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 40 матч өткізіп, астаналық ұжым сапында 13 гол соқты.
«Астана» құрамында Рунар 2019 жылы Қазақстан чемпионы атанып, 2020 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
«Бүгін, 22 қыркүйекте, футбол мансабымды аяқтайтынымды мәлімдегім келеді. Менің соңғы матчым 24 қазанда өтеді.
Маған өнер көрсетуге мүмкіндік берген барлық клубтарыма: „Тиндастолл“, „ХК“, „Валюр“, „ГИФ Сундсвалль“, „Грассхоппер“, „Санкт-Галлен“, „Астана“, ЧФР „Клуж“, „Волунтари“ және „ИА“ клубтарына шын жүректен алғыс айтқым келеді.
Осы жолдың бір бөлігі болған барлық жаттықтырушыларға, ойыншыларға, клуб қызметкерлеріне, жанкүйерлер мен волонтерлерге үлкен рақмет», - деді футболшы.
Айта кетейік, бұған дейін Григорий Бабаян «Астананың» жаңа инвесторы туралы сұраққа жауап берген.