locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдындағы екі көшбасшысынан жарақатына байланысты айырылды

Әлібек Қасым мен Ислам Чесноков жаңа бапкердің алғашқы матчтарында командаға көмектесе алмайды.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдындағы екі көшбасшысынан жарақатына байланысты айырылды
ФОТО: instagram.com/kff_team/

«Крылья Советов» шабуылшысы Ислам Чесноков пен «Астана» қорғаушысы Әлібек Қасым жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы матчтарын өткізіп алады, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлібек Қасым Фарер аралдары мен Словакияға қарсы сырт алаңдағы матчтарға қатыспайды.

Сонымен қатар оның Молдова және Фарер аралдары құрамаларына қарсы өз алаңымызда өтетін кездесулерге қатысу мүмкіндігі жарақатынан кейінгі қалпына келу барысына байланысты қосымша анықталатыны атап өтілді.

Ал Ислам Чесноков жарақатына байланысты алдағы төрт матчтың барлығына қатыса алмайды.

Қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында Қазақстан құрамасы турнир аясында төрт матч өткізеді: екеуі сырт алаңда, екеуі Астанада өтеді.

Бұл кездесулер ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Джон ван ’т Скиптің жетекшілігіндегі алғашқы ресми матчтары болмақ.

Нидерланд маманының шәкірттері турнирдегі жолын сырт алаңдағы екі матчпен бастайды. 26 қыркүйекте команда Фарер аралдарымен ойнаса, 29 қыркүйекте Словакияға қарсы кездеседі.

Одан кейін ұлттық құрама Астанаға оралып, «Астана Аренада» екі үй матчын өткізеді. 2 қазанда Қазақстан Молдовамен кездессе, 6 қазанда Фарер аралдарымен қайта ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie