Алаңда іш киім киген қыздар: EA FC 27 ойынынан тосын баг табылды
Ресми релизі 25 қыркүйекке жоспарланған EA FC 27 футбол симуляторының жаңа нұсқасынан қолданушылар тосын баг тапты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұрынғы FIFA ойыны саналатын EA FC 27-де кейбір әйел кейіпкерлердің киім ауыстыратын бөлмеде, тіпті алаңда голды тойлау кезінде де жартылай жалаңаш күйде пайда болуына әкелетін қате анықталды.
Желіде кездейсоқ әйел кейіпкерлердің киім ауыстыратын бөлмеде, алаңда жүріп, сондай-ақ голды тойлау кезінде тек іш киіммен пайда болғаны көрінетін видеолар тарады.
EA Sports тосын багқа қатысты жағдайға әзірге түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін EA Sports компаниясы видеойындағы Дастан Сәтпаевтың алғашқы карточкасының ресми көрсеткіштерін жариялаған болатын. Қазақстандық шабуылшы «Бернли» клубының сапында әйгілі видеойындар сериясына жалпы рейтингі 68 болатын күміс карточкамен енді.
Сәтпаев ойында Қазақстанның жалғыз өкілі болады. Бұл — EA FC 25 нұсқасынан кейінгі алғашқы жағдай. Сол кезде Қазақстанды бірден үш футболшы: Бахтиер Зайнутдинов, Георгий Жуков және Рамазан Оразов таныстырған еді.
Еске салайық, ойынның қазіргі нұсқасындағы ең жоғары рейтингті карточкалар Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандқа тиесілі — екеуінің де жалпы рейтингі 91.