«Барыс» ҚХЛ командалары арасындағы маңызды көрсеткіш бойынша үздік үштікке енді
Астананың «Барысы» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында қақпаға дәл тиген соққылар саны бойынша көшбасшылар қатарында, деп хабарлайды Sports24.kz.
Михаил Кравецтің командасы қазіргі уақытта рейтингте екінші орында тұр. Ол қарсыластар қақпасына 625 дәл соққы жасаған. Тізімде Мәскеудің «Динамосы» көш бастап келеді — оның еншісінде 704 соққы бар.
Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікті магнитогорскілік «Металлург» (616) түйіндейді. Қақпаға дәл тиген соққылар саны бойынша үздік ондыққа сондай-ақ Уфаның «Салават Юлаевы» (614), «Спартак» (576), «Трактор» (570), «Локомотив» (569), «Сибирь» және «Ақ Барс» (әрқайсысында 564 соққы) кіреді.
ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы соңғы матчта «Барыс» «Автомобилистен» 1:4 есебімен жеңілді. 19 матчтан кейін Кравецтің командасы Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. Бұл елордалық команданың лигадағы қатарынан үшінші жеңілісі болды. Оған дейін «Барыс» «Амурдан» (2:5) және «Адмиралдан» (4:5 ОТ) ұтылған еді.
28 қазанда қазақстандық команда сырт алаңда Минскінің «Динамосына» қарсы ойнайды.