locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данияда Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Басты оқиғасы қазақстандық чемпион мен Якоб Банк арасындағы жекпе-жек болатын бокс кешінің ұйымдастырушылары турнирге қатысатын жаңа боксшыларды жариялады.
Бокс
Жәнібек Әлімханұлының Даниядағы титулдық жекпе-жегіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Фото: WBO

Данияда өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 нокаут) жергілікті боксшы Якоб Банкпен (20-0, 11 нокаут) титул үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

BoxRec мәліметінше, турнирге Данияның тағы үш өкілі қосылды.

Супер ауыр салмақта Мортен Гивсков (6-0-1, 3 нокаут) өнер көрсетеді. Сондай-ақ бокс кешіне екінші жеңіл салмақта сынға түсетін Ахмад эль Ахмад (12-0, 2 нокаут) пен жеңіл салмақтағы Дао Аттапон Сримуанг (1-0) қатысады.

Бұл спортшылардың қарсыластары әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін ұйымдастырушылар кеш аясындағы тағы бір жекпе-жекті растаған болатын. Даниялық суперауыр салмақтағы Торбьёрн Боудигаард (11-3, 7 нокаут) британдық Джордан Томпсонмен (15-3, 12 нокаут) кездеседі. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Айта кетерлігі, Томпсон бұған дейін IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына үміткер болған. Алайда ол австралиялық Джей Опетаядан жеңіліп қалған.

Турнирдің басты оқиғасы — Әлімханұлы мен Банктің 76,2 келіге дейінгі екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO әлем чемпионы титулы үшін айқасы.

Қазақстандық боксшы үшін алдағы жекпе-жек жаңа салмақтағы дебют болмақ. Бұған дейін Жәнібек орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерін иеленген.

Оның қарсыласы Якоб Банк те кәсіпқой рингте жеңіліс көрмеген. 25 жастағы дат боксшысының еншісінде 20 жеңіс бар, оның 11-і нокаутпен тіркелген.

Жәнібек Әлімханұлы — Якоб Банк жекпе-жегі 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie