«Қайрат» бразилиялық қорғаушымен қоштасады: мән-жайы белгілі болды
Алматылық «Қайрат» бразилиялық қорғаушы Лукас Африконың келісімшартын ұзартуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.
ASnews.kz мәліметінше, футболшы қолданыстағы келісімшарты аяқталғаннан кейін командадан кетеді.
31 жастағы орталық қорғаушы алматылық клубқа 2026 жылдың қаңтарында қосылған. Оның келісімшарты осы маусымның соңына дейін есептелген.
Қазақстан чемпионатында Африко 29 матчтың 18-іне қатысып, бір гол соқты. Бразилиялық футболшы еурокубоктердің іріктеу кезеңіндегі жеті кездесуде де бір гол авторы атанды.
Қорғаушы соңғы рет «Қайрат» сапында 17 қыркүйекте «Астанаға» қарсы матчта алаңға шықты. Алматылықтардың 0:1 есебімен жеңілген кездесуінен кейін футболшы ҚПЛ ойындарына да, Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі матчтарға да команданың өтініміне енбей жүр.
Қазақстанға көшкенге дейін Африко түркиялық «Ванспор» клубында өнер көрсетті. Оның мансабында әзербайжандық «Габала», португалиялық «Фаренсе», «Эшторил» және «Маритиму», сондай-ақ бразилиялық «Лондрина» командалары болды.
Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті