locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қытайда Мбаппенің кесірінен Ла Лига көрсетілмей қалды: француз футболшысы халықаралық дау-дамайдың ортасында қалды

Мадридтік «Реал» шабуылшысының сәтсіз әзілінен кейін телетрансляциялар тоқтатылып, жарнамалық келісімшарттар бұзылды.
Футбол
Қытайда Мбаппе үшін Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты: француз футболшысы халықаралық даудың ортасында қалды
Фото: Реал

Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасы мадридтік «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің дау тудырған мәлімдемелерінен кейін Испания футбол чемпионаты матчтарының трансляциясын тоқтатты, деп хабарлайды Sports24.kz.

EFE агенттігінің The Paper қытайлық басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, шешім 26 қазан күні кешке күшіне енген. Телеарна француз футболшысы қатысқан жарнамалық материалдар мен бейнероликтерді де эфирден алып тастады.

Дауға Мбаппенің The Bridge интернет-шоуына қатысу кезінде айтқан әзілі себеп болды. Француз футболшысынан өзі бейнеленген ең күлкілі мемді атау сұралған. Шабуылшы оның жүзін Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдунның бейнесіне жапсырған фотомонтажды еске түсірді.

Мбаппе суреттегі адамды қытай диктаторы деп атап, бұл мемді достарына жиі жіберетінін мойындады. Оның сөзі Қытайдың әлеуметтік желілерінде сын толқынын туғызды. Кейін Dongpeng Beverage, Mengniu және Milkground секілді бірнеше ірі компания футболшымен коммерциялық ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеді.

Бұл жағдайға Испания чемпионатының басшылығы да жауап берді.

Ла Лига қытайлық жанкүйерлерден кешірім сұрап, жекелеген футболшының жеке пікірлері испан футболы мен қытайлық аудитория арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті. Ұйым мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша шаралар әзірлеуді жоспарлап отырғанын да хабарлады.

Кейін Мбаппенің өзі көпшілік алдында кешірім сұрады. Француз футболшысы пікірінің орынсыз болғанын мойындап, Қытай халқына және оның тарихына құрметпен қарайтынын айтты.

Қытайдың мемлекеттік телеарнасы Испания чемпионатының трансляциясын қашан қайта бастайтыны әзірге белгісіз.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie