Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші алтынын жеңіп алды
Қазақстандық велошабандоз Әнел Ташбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Ол ел құрамасына жарыстың екінші алтын медалін сыйлады, деп хабарлайды Sports24.kz.
10 қарашада спортшы тасжолдағы жекелей уақытқа жарыста үздік нәтиже көрсетті.
Екінші орынды словакиялық Каролина Гайдукова иеленді. Ол қазақстандық спортшыдан 5,05 секундқа қалып қойды (11:37,62). Қола жүлдені 11 минут 43,65 секунд нәтижесімен ресейлік Ангелина Новолодская жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жүлделер саны үшке жетті: екі алтын және бір қола.
Еске салайық, елге алғашқы алтынды 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен дзюдошы Фатима Супығалиева әкелді.
Ал кеше қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді.
Жасөспірімдер Олимпиадасы Дакарда 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Сайыс тарихта Африка құрлығында өткен алғашқы Олимпиада ойындары болды.