locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ-2026 маусымының үздік ойыншысы анықталды

«Ордабасы» шабуылшысы Бьорн Йонсен ҚПЛ-2026 маусымының үздік футболшысы атанды
Футбол
ҚПЛ-2026 маусымының үздік ойыншысы анықталды
ФОТО: Ордабасы ФК

Қазақстанда 2026 жылғы футбол маусымының қорытындысы шығарылып, Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталды. Маусымның басты жеке марапаты шымкенттік «Ордабасы» клубының 34 жастағы шабуылшысы Бьорн Йонсенге бұйырды. Норвегиялық футболшы командасының чемпион атануына елеулі үлес қосты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Йонсен 2026 жылдың маусым айында «Ордабасыға» еркін агент ретінде қосылды. Чемпионаттың бел ортасында келгеніне қарамастан, негізгі құрамнан тез орын алып, клубтың ең нәтижелі шабуылшысына айналды.

Норвегиялық футболшы ҚПЛ-дағы 17 кездесуде 14 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осы көрсеткішінің арқасында ол 12 голдан соққан «Қайраттың» испаниялық шабуылшысы Марк Гуаль мен «Тобылдың» сербиялық легионері Урош Миловановичті басып озып, чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.

Осылайша, Йонсен маусым ортасында Қазақстан чемпионатына ауысып келіп, сұрмергендер тізімінде бірінші орын алған ҚПЛ тарихындағы алғашқы футболшы болды.

Шабуылшының нәтижелі ойыны маусым барысында да назардан тыс қалған жоқ. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша ол үшінші рет ҚПЛ-дың ай үздігі атанды.

Йонсеннің «Ордабасы» чемпиондығына қосқан үлесі де айрықша. Андрей Мартин жаттықтыратын шымкенттік клуб маусымды 68 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде бірінші орын алды. Алматылық «Қайрат» чемпионнан үш ұпай қалып қойды.

Бұл «Ордабасының» 2023 жылдан кейінгі тарихындағы екінші чемпиондық атағы. Ал Йонсен Қазақстандағы алғашқы маусымында-ақ ел чемпионы атанып, үздік сұрмерген мен ҚПЛ-дың үздік ойыншысы марапаттарын қатар иеленді.

Айта кетейік, Шымкентке келгенге дейін норвегиялық шабуылшы Грузияның Кутаиси қаласындағы «Торпедо» клубында өнер көрсетіп, екі маусым қатарынан сол ел чемпионатының үздік сұрмергені атанған болатын. Енді ол бұл жетістігін Қазақстанда да қайталап, үшінші маусым қатарынан нәтижелі ойынымен көзге түсті.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie