locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ командалардың күш рейтингін жаңартты: «Барыс» үздік ондықтан шығып қалды

Бір апта бұрын елордалық клуб рейтингте алтыншы орында тұрған
Хоккей
ҚХЛ командалардың күш рейтингін жаңартты: «Барыс» үздік ондықтан шығып қалды
ФОТО: ХК «Барыс»

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) командаларының күш рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды Sports24kz.

ҚХЛ маусымының тоғызыншы аптасының қорытындысы бойынша «Барыс» үздік ондыққа енбеді. Алдыңғы рейтингте астаналық ұжым алтыншы орында тұрған, алайда бұл жолы үздік ондықтан тыс қалды.

Рейтинг маусымдағы командалардың нәтижелерін ескере отырып, математикалық жолмен есептелетін арнайы Күш индексінің негізінде жасалады.

Күш индексі командалардың қазіргі бабын көрсетеді: тұрақты чемпионат басталғанда барлық клубтың ұпайы бірдей болды. Негізгі уақытта жеңіске жеткен команда қарсыласының ұпайының 25 пайызын, ал овертаймда немесе буллиттер сериясында басым түскені 12,5 пайызын иеленеді.

Осылайша, рейтинг командалардың нәтижелерін, жеңіс серияларын және мықты қарсыластарды жеңу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Михаил Кравец шәкірттері соңғы матчта тоғыз ойынға созылған ұзақ сырт алаңдағы сериясын аяқтап, Хабаровскінің «Амурына» (0:2) есе жіберді. Оған дейін де «Трактордан» (1:2) және «Адмиралдан» (4:5) жеңілген болатын.

Келесі ойында, 12 қарашада «Барыс» өз мұз айдынында Владивостоктың «Адмиралын» қабылдайды. «Барыс Аренадағы» кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.

24 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 25 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында алтыншы орында.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie