Кейн тек бесінші: Мбаппе FIFPro нұсқасы бойынша әлемнің үздік шабуылшысы атанды
Кәсіби футболшылар қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIFPro) өткен маусымның қорытындысы бойынша әлемнің үздік он шабуылшысын анықтады. Бірінші орынды француз форварды Килиан Мбаппе иеленді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Екінші сатыға «Барселона» мен Испания құрамасының 18 жастағы вингері Ламин Ямаль жайғасты. Ал үздік үштікті «Интер Майами» сапында өнер көрсететін аргентиналық Лионель Месси түйіндеді.
Үздік бестікке сондай-ақ «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд пен «Баварияның» ағылшын форварды Харри Кейн енді.
Саудиялық «Әл-Наср» клубында ойнайтын Криштиану Роналду сегізінші орынға тұрақтады.
FIFPro нұсқасы бойынша әлемнің үздік он шабуылшысы:
Килиан Мбаппе («Реал», Франция);
Ламин Ямаль («Барселона», Испания);
Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина);
Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия);
Харри Кейн («Бавария», Англия);
Майкл Олисе («Бавария», Франция);
Хвича Кварацхелия (ПСЖ, Грузия);
Криштиану Роналду («Әл-Наср», Португалия);
Усман Дембеле (ПСЖ, Франция);
Рафинья («Барселона», Бразилия).
Дауыс беруге қатысқан әр ойыншыдан 2025 жылғы 4 тамыз бен 2026 жылғы 19 шілде аралығындағы өнер нәтижелеріне сүйене отырып, әр позиция бойынша үш ойыншыдан атау сұралды.
Бұған дейін FIFPro жылдың символикалық құрамын жариялаған еді. Оның қатарына биыл «Алтын допты» иеленген «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн кірмеді.